Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды

АЛМАТЫ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Қазгидромет" РМК-ына сілтеме жасап.

  • 20 Ақпан 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 22-ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады, желдің жылдамдығы секудына 17 — 22 метрге жетеді.

22 — 23-ақпанда күндіз Ақтөбе облысында, 23-ақпанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 — 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.

Ақмола, Павлодар облыстарында 23-ақпанда қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 — 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.

23-ақпанда күндіз және 24-ақпанда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында боран соғады, кей жерлерде қатты бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секудына 24-29 метрге жетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті