ҚР президенті республиканың барша азаматтарын жемқорлықпен күреске шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті республиканың барша азаматтарын жемқорлықпен күреске шақырды

ҚР президенті республиканың барша азаматтарын жемқорлықпен күреске шақырды

АСТАНА. 22 ақпан. Kazakhstan Today. Кеше ҚР Қауіпсіздік кеңесінің кезекті мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың барлық азаматтарын жемқорлықпен күресуге шақырды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Ақпан 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Жемқорлықпен күрес- бұл барша Қазақстан халқының жұмыла қолға алатын ісі. Құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен бақылау органдары бұл істі жалғыз шеше алмайды. Бұл күресте халық ауызбірлік танытып, жұмыла көтерілгені қажет»,- деді Елбасы.

Жемқорлықпен күресті мен өзім әрқашан жеке бақылауымда ұстамақпын»,-деді президент.

«Біз жемқорлықты жеңуге тиіспіз»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев. «Бізде заң бар, қажетті заңнамалық база бар. Дегенмен ең алдыменен жетекші органдардағы тазалық елде тәртіп орнатудың аса маңызды кепілі»,-деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті