Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті мердігер ұйымдардың арасында республикалық маңызды автожолдар салу мен жөндеуге қызмет түрлерін көрсетуге арналған жыл сайынғы байқаудың бірінші кезеңін аяқтады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылдың басынан бері 18 ашық байқау өткізілген. Олардың жеңімпаздары болып бүгінде 54 мердігер кәсіпорын алға шыққан. Қазіргі кезде олармен жалпы сомасы 18 558 млн теңгеге келісім шартқа қол қойылып жатыр. Өткізілген байқаулардың нәтижелері бойынша бюджеттік қаржының үнемделген көлемі 1 324 млн теңгені құрап отыр, соның ішінде қайта жөндеу бойынша 872 млн теңге, күрделі жөндеу бойынша 6 млн теңге және орташа қайта жөндеу бойынша 445 млн теңге үнемделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті