«20-ақпанда жұқпалы аурулар ауруханасына «ботулизм» деген диагнозбен Өзбекстанның 1961-жылы туған тағы бір азаматшасы жатқызылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, «18-ақпанда Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына «ботулизм» деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы жатқызылған. Артынан бір әйел аурухананың реанимация бөлімшесінде қайтыс болды.
«Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметінің департаменті улануға басты себеп — тамақтың қалдықтарын жеуге байланысты, деген тұжырым жасады», деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті