Семейде ғимараттан құлаған металл жабын екі автокөлікті зақымдап, бір жүргіншіні жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ғимараттан құлаған металл жабын екі автокөлікті зақымдап, бір жүргіншіні жарақаттады

Семейде ғимараттан құлаған металл жабын екі автокөлікті зақымдап, бір жүргіншіні жарақаттады

СЕМЕЙ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде қатты жел салдарынан жол полициясы басқармасының ғимаратынан құлаған металл жабын екі автокөлікті зақымдап, бір жүргіншіні жарақаттады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшлісіне Семей жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

  • 26 Ақпан 2007
  • 419
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, қатты жел Семей қалалық жол полициясы басқармасының күзет бөлімі ғимаратының шатырын жұлып әкеткен. Жан-жағы 2 және 3 метрлік жабын екі автокөлік пен сол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні басып қалған.

Қазір жүргіншінің денсаулығы туралы ақпарат жоқ. Дәрігерлер әлі оқиға орнында жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті