Қазақстан президенті наурыздың басында Мысырға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті наурыздың басында Мысырға  барады

Қазақстан президенті наурыздың басында Мысырға барады

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мысырға сапары 11-13-наурызға межеленген. Бұл туралы бүгін еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Мысыр үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Ақпан 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Екі ел арасындағы сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Елбасының 11-13-наурызға Мысырға межеленген сапары аясында екі елдің бизнес-құрылымдары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған»,- деді Е.Ертісбаев.

«Мысыр — Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Мысырдың үлесіне еліміздің Африка құрлығындағы елдермен тауар айналымының 13 проценті тиеді»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 2006-жылы 19,5 млн долларды құрады, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті