ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері күн райының нашарлауына байланысты жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері күн райының нашарлауына байланысты жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері күн райының нашарлауына байланысты жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Республика аумағының басым бөлігінде қар көп жауып, бұрқасын соғуға байланысты ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің жедел әрекет ету және азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Диханбек Сатылғанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Ақпан 2007
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Министрдің бұйрығымен орталық аппаратта да, аймақтарда да оперативтік штабтар құрылып, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді»,- деді Д.Сатылғанов.

Оның айтуынша, қазір төтенше жағдайлар саласының 3300-дей қызметкері шұғыл кезекшілікке шыққан.

Сонымен бірге Д.Сатылғановтың хабарлауынша, үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес оперативтік ахуал туралы есеп әрбір үш сағат сайын үкімет басшысының кеңсесіне баяндалуда.

Министрлік ақпаратына сәйкес, тек ақпанның 19 мен 20 аралығында Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жолдарда 400 адам, соның ішінде 11 бала мен 40 техника қар құрсаудан босатылды. 24-ақпанда Астанада Көкшетау тас жолының бойында қар құрсаудан 78 адам шығарылды. 25-ақпанда Қарағанды облысында 162 адам бөгеттен босатылды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 27-ақпанға дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Қрағанды облыстарында күн райы тұрақсызданып, қар жауып, боран соғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті