Ислам Конференциясы Ұйымы Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты мұсылман елдерді қолдау көрсетуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Конференциясы Ұйымы Дүниежүзілік Туристік Ұйымының  Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты мұсылман елдерді  қолдау көрсетуге шақырды

Ислам Конференциясы Ұйымы Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты мұсылман елдерді қолдау көрсетуге шақырды

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (ДТҰ) Атқарушы кеңесінің 2007-2011 жылдары аралығында мүшелігіне үміткерлігіне және ДТҰ-ның Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты ИКҰ-ға мүше елдерді қолдау көрсетуге шақырды.Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Ақпан 2007
  • 565
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта штаб-пәтері Жидда қаласында орналасқан Ислам Конференциясы Ұйымы 57 мұсылман елінің басын біріктіреді. Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымға 1995 жылдан бері мүше болып табылады. ИКҰ-ның қаржы институты — Ислам даму банкі Алматыда аймақтық өкілділігін ашып, еліміздің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыруға атсалысып келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Ислам Конференциясы Ұйымы Орталық Азияны ядролық қару-жарақтан еркін аймаққа айналдыру туралы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Семей мәлімдемесін қолдаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті