Семейде учаскелік инспектор пара алу үстінде құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде учаскелік инспектор пара алу үстінде құрықталды

Семейде учаскелік инспектор пара алу үстінде құрықталды

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Семей қаласының Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы пара алу үстінде құрықталды. Бұл туралы

  • 26 Ақпан 2007
  • 346
Фото - Caravan.kz

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицейді Ауғанстандық әйелден 50 мың теңге көлемінде пара алу үстінде құрықтаған. Баспасөз қызметі хабарлағандай, Семей қаласының Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы Ауғанстан азаматшасыннан ақшаны «Қазақстанға оның екі жерлесінің заңсыз келу дерегі бойынша әкімшілік жауапқа тартпау» үшін бопсалаған.

Аталмыш дерек бойынша полицейдің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті