Министрдің айтуынша, алда қол қойылатын келісімдер туралы бүгін сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан — Мысыр үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында талқыланды.
«Сапар аясында қол қойылатын келісімдер сауда, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты»,- деді ол.
Мысырлық шенеунік әйелдің хабарлауынша, дәрілік препаттардың экспорты саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор және «Мысырда өндірілетін дәрілік заттар бағасы мен сапасына қарай бәсекелестік қабілетке ие».
Сонымен бірге Фаиза Абу Наганың айтуынша, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да келісімдерге қол қойылады.
Министр Қазақстан президентінің сапары Мысыр президенті Хосни Мубарактың өткен жылғы Қазақстанға сапарынан кейінгі ынтымақтастықтар қарқынын арттыруға тың серпін бермек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті