«Бұл жолы айтарлықтай қуатты жолдау болмақ, себебі онда әлеуметтің мәселелерге өте мықты назар аударылған»,- деп хабарлады саяси кеңестің мүшелеріне президент өзінің жаңа жолдауын таныстырған «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте парламент мәжілісінің депутаты Вера Сухорукова. «Бізге сайлаушылардан келіп түсетін әлеуметтік проблемалар жөніндегі мәселелердің басым бөлігі өз шешімін табады»,- деп атап көрсетті В. Сухорукова.
«Жолдаудың болашағына тоқталатын болсақ . . . Алдағы 10 жылға міндеттер қойылып, өткен жылдардың қорытындысы жасалады»,- деді ол. «Аталмыш жолдау экономиканың дамуына жақсы серпін береді»,- деп атап өтті Вера Сухорукова.
«Жолдаудың басты арқауы — әлеуметтік мазмұнында»,- деді «Нұр Отан» парламенттік фракцияның төрағасы Әмзебек Жолшыбеков. «Келешектегі саяси реформалар демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына негізделген»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті