Батыс Қазақстан облысында белгісіз заттан улану салдарынан екі адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында белгісіз заттан улану салдарынан екі адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында белгісіз заттан улану салдарынан екі адам қайтыс болды

ОРАЛ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында белгісіз химиялық заттан улану салдарынан Қарашығанақ кенішінде жұмыс істейтін "Бек секьюрити" фирмасының екі күзетшісі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

  • 27 Ақпан 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай 23-ақпанда болған. Зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда Ақсай аудандық ауруханасына жеткізілген. Екеуі де аталмыш ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Әзірге мамандардың улану себебін анықтауы мүмкін болмай отыр. Эпидемиологтардың мәліметтерәне сүйенсек, зертханалық зерттеу нәтижесі ішек індетін анықтап отыр, ал қосымша жүргізілген токсикологиялық зерттеулер, өлімнің химиялық затпен улану салдарынан келгенін көрсетіп отыр. Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша, бұл спирт денатураты болуы мүмкін.

Бөрілі аудандық прокуратурасы аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті