Мекеме ақпаратына сәйкес, Шымкентте Тұрлан экспедициясы ауылында 27-ақпанда 12 сағатта «3-ші Энергоорталық» АҚ-ынан 25-ақпанда қатты жел салдарынан К-54 қазандығына электр қуаты берілмей қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Апат салдарынан қазандықтың жұмысы тоқтатылды.
Оқыс оқиға салдарынан 28 тұрғын үй (2-3 қабатты) жылусыз қалды.
Қалпына келтіру жұмыстарына Шымкенттің коммуналдық қызметтерінен 51 адамнан құралған 10 апаттық бригада тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті