«2006 жылдан бері әрекет еткен қылмыстық топ 5 адамнан тұрған. Олардың көсемі бұған дейін адам өлтірген, қарақшылық жасағаны үшін сотталған, Чеченец деген лақап атпен танымал Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны»,-деді полицей.
М.Турубаевтың айтуынша, қылмыскерлер мынадай жоспармен ақша алған: «…трассаларда ауыр жүк тиелген көліктерді тоқтатып, пышақпен қорқыта отырып, жүргізушіден Семейге кіргені үшін 5 мың теңге талап еткен». Бұл үшін жүргізуші қолына: «Мына көлікке тимеңдер. Семейге кіргені үшін ақы төлеген. Сұлтанның қарақшылары»,-деген жазуы бар қағаз ұстататын болған.
М.Турубаевтің айтуынша, қылмыстық топ оперативті -іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Қазірдің өзінде зардап шеккен 30 көлік жүргізуші анықталды. Олардың арасында Ресей азаматы да бар.
Қолға түскендердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «бопсалау жөніндегі» 181- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті