«Бізге тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру қажет. Халықты өздерінің жинақтарын бағалы қағаздарға инвестиция ретінде белсенді салуға тартпайынша бұл саланың дамуы мүмкін емес. Үкімет халықтың инвестиция саласындағы сауаттылығын арттыруға, осы саланың әліпбиіне оқытуға кең көлемді жұмыстар жүргізуі қажет»,- деді мемлекет басшысы. «Әрбір қазақстандық қор нарығына қатысудың қандай пайда әкелетіндігін түсінуі үшін халықтың санасын өзгерту қажет»,- деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент халқының 45 пайызы қор биржасындағы ойындарға қатысатын АҚШ-ты мысалға ала кетті. «Олар ондағы оқиғаларды байыппен қадағалап отырады және де осы биржадағы ойын есебінен баийды. Біздің халқымыз да осыны үйренуі қажет, ал біздің Лондон қор биржасында сатып жатқан акцияларымызға қарапайым қазақстандықтар да қол жеткізуге тиіс»,- қорытындылады өз сөзін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті