Байқоңырға "TerraSAR-X" еуропалық жер серігі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "TerraSAR-X" еуропалық жер серігі жеткізілді

Байқоңырға "TerraSAR-X" еуропалық жер серігі жеткізілді

БАЙҚОҢЫР . 28 ақпан . Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағына "TerraSAR-X" европалық жер серігі жеткізілді деп хабарлайды "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі .

  • 28 Ақпан 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Ғарыш аппараты 27 ақпанда Ульяновск қаласында кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін АН-124 «Руслан» ұшағымен «Юбилейный» әуежайына жеткізілді. Қосалқы бөлшектерімен түсірілген аппарат артынша 31 алаңға сақтауға жеткізілді» -деп хабарлайды ақпарат қызметі.

«TerraSAR-X» жер серігін Германияның (DLR) аэроғарыштық орталығы мен»EADS Astrium GmbH» компаниясы ойлап шығарған. Ғарыш аппараты биіктігі 514 шақырымдық күн синхрондық полярлы орбитада орналасады. Жер серігінің жұмыс атқару мерзімі шамамен бес жыл.

«TerraSAR-X» жер серігін «Днепр» зымыран тасығыштың көмегімен наурыз айында ұшыру жоспарланған. Бірақ нақты уақыты әзірге белгісіз.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті