Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан үш адам мерт болды

Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан үш адам мерт болды

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2007
  • 356
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, бір өрт Алматының Алмалы ауданында жай үйде шыққан. Бейсенбі күні 17 сағат 18 минутта 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт төтенше жағдайлар министрлігінің күштері келгенше сөндірілді.

Ал Ақмола облысы Щучинск қаласында 1-наурызда 14 сағат 36 минутта бес қабатты тұрғын үйде 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 1923-жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру күштерінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмыла сөндірді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте қарағанды облысында, Сәтпаев қаласының іргесіндегі Весовая ауылында төрт қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру күштерінің 17 адамы мен 3 техникасы қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті