Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан  бір центнерден астам марихуана тәркіледі

Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Kazakhstan Today. Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі,-деп журналистерге Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім бастығы Абай Жүнісов хабарлады.

  • 2 Наурыз 2007
  • 289
Фото - Caravan.kz

Оның келтірген мәліметтерінше, шұғыл іздестіру шараларының барысында 27 ақпанда полицейлер «ГАЗ-32213» автокөлігін тоқтатады. Оның жүргізушісі 31 жастағы Қарағандының жұмыссыз тұрғыны болып шыққан. Автокөліктің ішіндегі адам 29 жастағы жұмысы жоқ қарағандылық болған.

Пияз салынған көлікті тексеру барысында ішінді сұрғылт- жасыл түсті заты бар 10 полимер қапшық пен қою- жасыл түсті заты бар қағаз дорба байқалады. Сараптаманың анықтамасы бойынша полимер қапта 105 кг 430 г марихуана, ал қағаз дорбада 1,11 г гашиш салынған.

Бұл дерек бойынша қазіргі кезде ҚР ҚК 259 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскендер уақытша қамауда отыр. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті