Мемлекет басшысы зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық процесстерді дамытуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 2 Наурыз 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы ашқан жаңалыққа патент алу процедурасына өзгерту енгізуді, қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқартуды және тапсырыстарға сараптама жүргізу тәртібін жетілдіруді көздейді.

Енгізілген өзгерістерде алдын ала патент және оны беру процедурасы нновациялық патент деп аталатын жаңа қорғау құжатының түрімен ауыстырылған. Мұндай алмастыру елдегі инновациялық даму талаптарымен түсіндіріледі.

Құжатта тексеру сараптамалық элементтері бар қорғау құжаттарын алудың жеделдетілген процедурасы осы құжат иесін өзінің техникалық жаңалықтарын дер кезінде және толық қорғауға мүмкіндік береді, технологияны лицензиялауға жол ашады және өндіріске жаңашылдық енгізуді жеделдетеді делінген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті