Қырғызстандық әйел елімізге 3 млн-дай теңгені заңсыз алып өтпек болған жерінен құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандық әйел елімізге 3 млн-дай  теңгені заңсыз алып өтпек болған жерінен құрықталды

Қырғызстандық әйел елімізге 3 млн-дай теңгені заңсыз алып өтпек болған жерінен құрықталды

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында елімізге 3 млн шамасындағы теңгені заңсыз алып өтпек болған қырғызстандық әйел құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2007
  • 373
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін 12.00 шамасында «Қордай» өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға бет алған Қырғызстанның азаматшасын ұстаған. «Әйелден 2 млн 850 мың теңге көлеміндегі декларациядан көрсетілмеген ақша табылды»,- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті