Елімізде биоотын рыногын дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде биоотын рыногын дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалды

Елімізде биоотын рыногын дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалды

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Еліміздің ауылшаруашылығы министрлігі биоотын рыногын дамыту тұжырымдамасының жобасы жасады. Бұл туралы бүгін Астанада агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөз сөйлеген еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов құлағдар етті, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Наурыз 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

А.Есімов «елімізде азық-түлік тауарларын импорттау көлемінің арта түсу ағымы» байқалып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «қазіргі кезеңнің бір ерекшелігі, әлемдегі ауылшаруашылығы жоғары деңгейде дамыған елдердің бәрі де өнімді экспортқа бағыттау саясатын жүргізуде». «Әлемдік азық-түлік өнімдері нарығындағы бәкелестік күшейіп келеді. Осынау ахуалмен біз де кешікпей бетпе-бет келеміз. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту арқылы»,- деді ол.

«Келесі жағынан ғаламдық аграрлық салада кейінгі кездері мүлдем жаңа іс-қызмет бағыттары қарқын ала түсуде. Бұл биоотын өндіру жайлы. Талдаушылардың болжамына сәйкес, 2010-жылы әлемдік экономикада осы өнімге деген сұраныс үш еседен аса өспек»,- деді ол. «Талдау көрсеткендей, бұл сала бойынша бізде орасан мол мүмкіндік бар. Кейбір артықшылықтарымыз да жоқ емес. Астық дақылдарын өндіру барысында түзілетін сапасы төмен астықты ғана өңдеу арқылы 3 млрд литрден астам биоотын өндіруге болады»,- деді А.Есімов.

Оның айтуынша, «астық өндірісін осылайда басқа бағытқа бұру экономикалық тұрғыда тиімді. Өйткені, терең өңдеу арқылы бір тонна астықтан 200 доллар көлемінде қосымша пайда табуға мүмкіндік бар». Ол министрліктің биоотын рыногын дамыту жөніндегі 2010-жылға дейінгі тұжырымдаманың жобасы жасағанын хабарлады. «Кешікпей тиісті бағдарламаның жобасы жасалады. Оның негізіне жеке меншік капиталды тартуға қолайлы жағдайлар жасау принципі алынады»,- деді А.Есімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті