Семейде екі тәртіп сақшысы пара алғаны үшін құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде екі тәртіп сақшысы пара алғаны үшін құрықталды

Семейде екі тәртіп сақшысы пара алғаны үшін құрықталды

СЕМЕЙ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде екі тәртіп сақшысы 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Наурыз 2007
  • 466
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Семей қалалық ІІБ-ның екі тергеушісінің пара алу дерегін ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе анықтады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2006-жылдың қазан айында Семей қалалық ІІБ-ның орталық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемендегі бір жеке кәсіпорынның директорының үстінен адамның денсаулығына қасақана орташа деңгейде зиян келтіру дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғаған. Соған сәйкес 6 айға дейін қамауға алу немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. «Семейлік екі тергеуші айыпкерге қарсы қозғалған қылмыстық істі 3 мың АҚШ долларына «аяқсыз қалдыруға» уәде берген»,- деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

Пысықай полицейлер жалғыз осы кәсіпкерден ғана пара бопсаламаған. ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлері аталған кәсіпорынның тағы бір қызметкерінен ақша бопсалау дерегін анықтады.

Осы дерек бойынша тәртіп сақшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті