Қырғызстан шетелдік азаматтардың сауда жасауына салынған тыйымды уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан шетелдік азаматтардың сауда жасауына салынған тыйымды  уақытша тоқтатты

Қырғызстан шетелдік азаматтардың сауда жасауына салынған тыйымды уақытша тоқтатты

БІШКЕК. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі шетелдік азаматтардың сауда жасауына салынған тыйымды 2008 жылдың 1-қаңтарына дейін тоқтатты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.

  • 5 Наурыз 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан үкіметі осы жылдың 1-сәуірінен бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың республика базарларында сауда істеуіне тыйым салмақ болған. Үкіметтің жылдың басында қабылданған «Қырғызстан Республикасында көтерме және бөлшек саудамен шұғылданатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың үлесін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар сауда-базар кешендерінде, шағын базарлар мен тұрақты емес сауда орындарында көтерме және бөлшек саудамен шұғылдану құқығынан айрылған болатын. Сондай-ақ, тұрақты сауда орындарында, дүкендер мен сауда орталықтарындағы шетелдіктердің саны кәсіпкерлердің жалпы санының 10 пайызынан аспауы қажет деп жобаланып, сауда саласында жұмыс істеп жүрген 5-6 мың адам үстіміздегі жылдың 1-сәуіріне дейін республика аумағын тастап шығуы қажет болатын.

Дегенмен, Қырғызстан үкіметі 2007 жылдың 12-қаңтарында қабылданған қаулының күшін тоқтатты. «Аталмыш мәселені ұзақ талқылау нәтижесі бұл қаулының терең талдаусыз қабылданғандығын көрсетіп отыр»,- деп мәлімдеді үкімет отырысында премьер-министр Әзім Исабеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті