Президент 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды

Президент 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Наурыз 2007
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Үкіметке жылдың алғашқы жартысында еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде тағы да екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырамын», деді мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.

«Қазір біз пилотты бірінші ұйым — «Сары- Арқаны» құрдық. Соның негізінде даму институттарымен және «Атамекен» одағымен бірлесіп әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы қысқа мерзімде нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастау қажет»,- деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы еліміз аумағында жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру көзделген. Корпорациялар аймақтық даму институттарына айналып, облыстар экономикасының өсуіне серпін беруге тиіс. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өз пайдасының біәр бөлігін әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға арнауға тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті