Павлодарда қала басшылары "заңсыз" таксистермен қатаң күресуге бел байлады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қала басшылары "заңсыз" таксистермен қатаң күресуге бел байлады

Павлодарда қала басшылары "заңсыз" таксистермен қатаң күресуге бел байлады

ПАВЛОДАР. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодарда қала басшылары "заңсыз" таксистермен қатаң күресуге бел байлады. Бұл туралы облыстық көлік бақылау басқармасы мен Павлодардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) , көлік және көлік жолдары бөлімінің бірлесіп жүргізген рейд барысында мәлімделді.

  • 5 Наурыз 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Рейд барысында барлығы 20-дан астам қолданыстағы заңды, яғни көлік тасымалдау туралы ережені бұзу дерегі тіркелген. Павлодардың ТКШ, жолаушылар көлігі мен көлік жолдары бөлімінің жанындағы көлік бөлімшесінің меңгерушісі Марат Асылбековтың мәліметтеріне сүйенсек, тексерушілер көбінесе «медициналық тексеруден өту туралы таңба мен жолдама қағазының болмауының, сондай-ақ такси ішінде таныстыру нұсқамасының болмауының» куәсі болып отыр.

Сонымен қатар, көлік бақылауы қызметкерлерінің пікірінше, тағы бір проблема бар — ол есептеуші құрылғы. Павлодарда тек бір ғана таксомоторлық компания 120 көлікті аталмыш құралмен жабдықтаған. Дегенмен, бұл фирманың директоры Анатолий Липгардтың сөздеріне сүйенсек, «көлік шығынын толық жабу үшін, көліктің тозуы мен есептеуші құрылғыны қоса есептегенде, жол бағасы шақырымына 70 теңгені құрайды, мұндай бағаны жолаушылардың қалтасы көтермейді».

Қалалық таксомоторлық фирмалардағы жол ақысы орташа есеппен жолдың қашықтығына байланысты 250 теңге мен 350 теңге арасында ауытқиды. Және де көптеген жеке тасымалдаушылардың пікірінше, есептеуші құрылғыны жаппай орнату такси жұмысы үшін тиімсіз.

Таксомоторлық фирмалар жұмысының ашық, ал бәсекелестіктің қалыпты болуы үшін Павлодардың қала басшылары тасымалдаушылар қауымдастығын құру туралы мәселені қарастыруда.

М.Асылбековтардың мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күні Павлодарда 30-дан астам такси фирмалары тіркелген. «Осы фирмалардың жұмысын реттеу үшін біздің бөлім тасымалдаушылармен ынтымақтастық туралы келісім жасаймыз. Дегенмен, төрт таксомоторлық кеңсе келісімге келмей отыр, ал дәл осы фирмалардың жұмысшылары «заңсыз» болып табылады»,- деп түсіндірді М. Асылбеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті