Шығыс Қазақстан облысында жол апаттарынан 36 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жол апаттарынан 36 адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында жол апаттарынан 36 адам мерт болды

СЕМЕЙ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007-жылдың басынан бері жол апаттарынан 36 адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Наурыз 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыста 186 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 36 адам опат болып, 218 адам жараланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әрбір алтыншы апат жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізушілердің кінәсынан болған. Сонымен бірге апаттардың басым бөлігіне мас күйінде тізгінге отырған жүргізушілер айыпты. «Жол полициясы басқармасының қызметкерлері күн сайын мас жүрген 10-15 жүргізушіні құрықтайды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апаттардың санын азайту және жолдарда тәртіп орнату үшін жол полициясының қызметкерлері әрбір жұма мен сенбі сайын күшейтілген шұғыл алдын алу шараларын өткізе бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті