Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылу қаупі тағы да төнді - газет - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдегі  итбалықтардың жаппай қырылу қаупі тағы да төнді - газет

Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылу қаупі тағы да төнді - газет

АЛМАТЫ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Каспийде итбалықтарының жаппай қырылу қаупі тағы да төнді, деп жазады "Мегаполис" апталығы ғалымдардың бақылауына сілтеме жасай отырып.

  • 6 Наурыз 2007
  • 650
Фото - Caravan.kz

Мамандар итбалыққардың жаппай қырылу мүмкіндігіне бұрын — соңды болмаған жылы қыс себеп болмақ , деп отыр. Әдетте, ақпан — науырыз айларында итбалықтардың барлық популияциясының 90 пайызы күшіктеп, күшіктерін тамақтандыру үшін Солтүстік Каспий мұзына жиналады. «Қазіргі мұз қабаты (қалыңдығы 20 см) санаулы күндер ішінде еріп кетуі мүмкін, күшіктер түлеп үлгермей, суға батып кетеді»,- деп жазады газет, «Agip KCO» компаниясының жағдайды бағалау үшін шақырған ресейлік және қазақстандық ғалымдарға сілтеме жасай отырып.

«2000 жылғы көріністің қайталануын жоққа шығаруға болмайды, — ол кезде мұздың тапшылығынан ұрғашы итбалықтар Солтүстік Каспийдің аздаған аралдарында күшіктеген. Жәндіктердің көптеп жиналуы оба эпидемиясына алып келді, соның салдарынан 20 мыңдай жәндік қырылды, «,- деп еске сала кетті мамандар.

Сонымен қатар, табиғатты қорғауды бақылау комитеті бастығының орынбасары Кеңес Темірханов Каспийдің көптеген жылдардан бергі ластануы да себеп болып отыр, деп санайды. «2000 жылдан бері Каспий итбалықтары мен балықтардың жаппай қырылу проблемасымен айналысатын ғалымдардың көбісі жұқпалы аурудың жаппай таралуы негізгі себеп басты себеп деп санайды : созылмалы улану салдарынан иммунитет жүйесінің нашарлауы, жемнің жеткіліксіздігі мен қыстау жағдайының бұзылуына байланысты ет қоректілердің обасы пастереллез және сальмонеллез дерттерімен қосылған деп санайды. Олардың табиғи жаратылысына қарамастан, Каспий итбалықтары жиі ауырады. Барлық итбалықтардың кемінде 35 пайызы аталмыш індетті жұқтырған деп айтуға негіз бар»,-деді Кеңес Темірханов.

Бұрын хабарлағанымыздай, соңғы рет Каспийдегі індет өткен көктемде тіркелген. Ол кезде 2207 бекіре тұқымдас балықтар мен 337 итбалық қырылып қалған болатын. Маңғыстау облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы итбалықтар «Agip KCO» компаниясының жұмыс істеп жатқан Қашаған кен орнындағы улы қалдықтардан улануы мүмкін, деген болжам жасаған болатын. Балықтар мен итбалықтардың қырылған жерлеріне алынған сулардың сынамасын талдау нәтижесі өнім құрамындағы тұрмыстық химиялық заттар, фенол мен мұнай өнімдерінің мөлшерден артық екендігін көрсеткен. Бірақ, ауылшаруашылық министрлігінің «Орталық мал дәрігерлік зертханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Атырау облыстық бөлімшесінің жүргізген токсикологиялық тексеру нәтижесі қырылған бекіре тұқымдас балықтардың тканьдерінен пестицидтер табылмаған, ал ауыр металл тұздарының мөлшері норма аясында болса, патогендік микрофлора анықталмаған. Сол кезде балықтар мен итбалықтардың қырылуының нақты себебін анықтау мүмкін болмаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті