Грузия президенті қазақстандық бизнесмендерді Грузия экономикасына белсене атсалысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия президенті қазақстандық бизнесмендерді Грузия экономикасына белсене атсалысуға  шақырды

Грузия президенті қазақстандық бизнесмендерді Грузия экономикасына белсене атсалысуға шақырды

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Грузия президенті Михаил Саакашвили қазақстандық бизнесмендерді Грузия экономикасына белсенек қатасуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Михаил Саакашвили қазақстандық бизнесімендердің пайдалана алатын Грузия экономикасының бірнеше басым және пайдалы салаларын атап өтті.

«Мен, отын энергетикасына, жаңа суэлектростанцияларын салуға, ауылшаруашылық өнімдерді өңдеуге, көлік инфрақұрылымдарын, туризм, тоқыма өнеркәсібі мен құрылысқа қатысу өте көп мүмкіндіктер береді, деп ойлаймын»,- деді грузиндік және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен өткен кәсіпкерлер форумы барысында Михаил Саакашвили.

«Бүгін Қазақстан Республикасының президенті, Қазақстанда грузиндік жеміс-жидектер мен көкөністеге арналған базарлар ашу керек деп айтып өтті, және де мен бұл кіші және орта бизнес үшін өте маңызды деп ойлаймын. Бізде қазір жеміс-жидектерді өңдеу жөніндегі көптеген жаңа кәсіпорындары бар және де қазақстандық инвесторлар үшін мүмкіндіктер ашылады»,- деп атап өтті Грузия басшысы.

Президент Михаил Саакашвили өз елінде бизнесті тиімді жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын атап көрсетті. «Біз қазір Еуропаға барлық тауарлар лезде жеткізілетін Карс — Ахалкалаки — Тбилиси бағытындағы жаңа жол салудамыз. Сондай-ақ, біз қазақстандық экспорт үшін Еуропаның көптеген аймақтарына Грузия арқылы жететін ең жақын жол болып табылатын біздің айлақтарымыздың мүмкіндіктерін кеңейтудеміз»,- деп атап өтті ол. «Біздің кедендік процедуралардың қаншалықты оңайлатқандығымызды ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың төмендігін және біздің аумағымызда бизнесмендердің жұмысы үшін қаншалықты қауіпсіз жағдай жасағанымызды ескере отырып, менімше, сіздер Грузиядан байыпты серіктес таба аласыздар»,- деп атап өтті Михаил Саакашвили.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті