Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясының жаңа ротасын құру аяқталып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясының жаңа ротасын құру аяқталып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясының жаңа ротасын құру аяқталып қалды

ШЫМКЕНТ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясының жаңа ротасын құру аяқталып қалды, деп хабарлады кеше облыс әкімінің орынбасары Асылжан Мамытбеков.

  • 7 Наурыз 2007
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Жол полициясының бұл ротасына жүз адам қабылданады. Бөлімше барлық қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі. Біз 50 көлік, рация мен киім-кешекке қажетті қаржыны бөлдік. Ал, рота құрамына кімдердің кіретіндегі тек кадр жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесінде белгілі болады»,- деді журналистерге әкімнің орынбасары.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жаңа құрылған бөлімше өз жұмысын жақын арада бастауға тиіс. Қазір жол полициясының ротасын құрудың соңғы сатыларының бірі — мамандарды іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа рота құрамына үміткерлерден емтиханды Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мен облыс әкімшілігінің басшылары қабылдайды. Үміткерлер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тест тапсырып, жауынгерлік және саптық дайындық бойынша нормативтер тапсыруға тиіс.

Жол полициясының басқармасынан хабарлағандай, іріктеу шарттары қатаң және де үміткерлердің басым бөлігі сыннан өтпей қалуда. «Бірақ біздің мақсатымыз да осы — ең саңлақтарын іріктеп алу»,- деді жол полициясы басқармасының қызметкері.

Бұрындары хабарлағанымыздай, жаңа рота құрамына он әйел-полицейді қосу жоспарланған. Әзірге қабылдау емтиханынан тек төрт қыз ғана өтіп отыр.

Облыстық әкімшілік пен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің басшылары қызметі негізінен Шымкент көшелерін күзетуге негізделген жаңа бөлімшеге үлкен үміт артуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті