Алматыда табылған радиоактивті металл сынықтары Ядролық физика институтының арнайы қорымына көмілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда табылған радиоактивті металл сынықтары Ядролық физика институтының арнайы қорымына көмілді

Алматыда табылған радиоактивті металл сынықтары Ядролық физика институтының арнайы қорымына көмілді

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда табылған радиоактивті металл сынықтары Ядролық физика институтының (Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институты) арнайы қорымына көмілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Наурыз 2007
  • 642
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттары бойынша, 3-наурызда Алматы қаласының Әуезов ауданында жол полициясының қызметкерлері Алматы — Бішкек тас жолында металл сынықтарын тиеген «ДАФ» көлігін («Рахат-Темір» ЖШС тиесілі) радиация деңгейі жоғары деген белгімен тоқтатқан.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті қызметкерлері сәуле көзін анықтады, бұл металл құбыр (ұзындығы 1090 мм, диаметрі 90 мм) болып шыққан. Өлшеу нәтижесінде радиация деңгейі — 2,56 мкЗв-сағ болып шыққан. Ал нормаға сәйкес ол 0,18 — 0,2 мкЗв-саға (мкЗв — микрозиверт) болуға тиіс.

Жүк тиелген көлікті жол полициясы басқармасының қызметкерлері ере жүріп радиоактивті сәуле көзін арнайы қорымға көму үшін Ядролық физика институтына (Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институты) жеткізілді. Қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті жасаған қорытындысы бойынша, жүк тасымалдау барысында қоршаған ортаға қауіп төнген жоқ.

Радиоактивті сәуле көзі 6-наурызда Ядролық физика институтының арнайы қорымында көмілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті