2007-жылдың қаңтар айында елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың қаңтар айында елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға  ұлғайды

2007-жылдың қаңтар айында елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға ұлғайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Банк жүйесінде резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 2006 жылғы желтоқсандағымен салыстырғанда 3,4% -ке өсіп 3008,7 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға, 1959,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға, 1049,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

2007 жылғы қаңтарда ұлттық валютадағы депозиттер 4,2%-ға, 2113,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, шетел валютасындағы депозиттер 17,7%-ға, 895,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 65,1%-дан 70,3%-ға дейін көтерілді.

Халықтың (резидент еместерді есепке алғанда) банктердегі салымдары бір айда 0,7%-ға, 1062,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2007 жылғы қаңтарда халық салымдарының құрылымындағы теңгедегі депозиттер 5,6%-ға, 746,2 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 9,2%-ға, 316,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 66,9%-дан 70,2%-ға дейін артты.

Банктердің депозиттері бойынша ставкалар динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,2% (в декабре 2006 года — 4,5%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша — 9,9% (9,8%) құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті