Кеше кешке Доха әуежайында Қазақстан лидерін Катар әмірі шейх Хамад бен Халиф аль-Тани күтіп алды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар екі күнге созылады.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер кешені мен халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Қазақстан-Катар қарым-қатынасының іргетасы мемлекет басшысының 1998-жылғы мамырда Катарға жасаған ресми сапарының барысында қаланған. Катар әмірі шейх Хамад бен Халиф аль-Тани жауап сапармен елімізге 1999-жылдың сәуір айында келді, бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берді.
Қазір екі мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнаған, экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар ілгерілеп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті