Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы Қазақстанмен арадағы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей  Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы Қазақстанмен арадағы  келісімді бекітті

Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы Қазақстанмен арадағы келісімді бекітті

МӘСКЕУ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Ресей Қазақстанмен арадағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы келісімді бекітті.

  • 11 Наурыз 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ресей президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Федералдық заңның толық атауы — «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдалануға егеменді құқықтық жүзеге асыру үшін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы 1998-жылғы 6-шілдедегі келісімге қосымша хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» деп аталады.

Федералдық заңды Мемлекеттік дума 2007-жылдың 7-ақпанында қабылдап, Федералдық жиын 2007-жылдың 21-ақпанында мақұлдаған.

Ресей президентінің баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес,»хаттаманың мақсаты «Хвалынское» және «Центральная» кеніштеріндегі геологиялық құрылымды игерудің құқықтық режимін «Құрманғазы» геологиялық құрылымына қатысты қазір бар құқықтық режимге сәйкестендіруге саяды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті