Мекеме ақпаратына сәйкес, 10-наурызда №ZMA-A6 ұңғысында (Жаңа Мақат алаңы, тапсырыс беруші — «Самек Интернэшил»ЖШС , мердігер «Поиск нефти и газа»ААҚ) 4 сағат 30 минутта 495 метр тереңдіктегі қазба жұмыстары кезінде сулы-газды қоспа атылды. 6 сағат 30 минутта Скайтоп RR-750 бұрғылау қондырғысының мачтасы құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
18 сағат 00 минуттағы жағдаймен сулы-газды қоспа әлі атқып жатыр. Апат орнында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Ақберен» РҚКК Атырау филиалының шұғыл құрамы бұрғылау қондырғысын демонтаждау жұмысымен айналысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті