Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыз ауыл әйелдерін жаңа мамандықтарға оқытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыз ауыл әйелдерін жаңа мамандықтарға оқытуда

Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыз ауыл әйелдерін жаңа мамандықтарға оқытуда

ӨСКЕМЕН. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында жұмыссыз ауыл әйелдерін оқытудың жаңа жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Глубоковский ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Лариса Гречушникова хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2007
  • 700
Фото - Caravan.kz

Лариса Гречушникованың айтуынша, жоба «Ауылдан шықпай» деген атауға ие болған. «Ауылдың жұмыссыз әйелдерін жаңа кәсіпке үйретіп, оларға өздерінің жеке істері мен өндірістерін ашуға немесе өз бетінше табыс табуларына жағдай жасайды»,- деді ол.

Лариса Гречушникова, бұл жобаның осы тектес басқа жобалардан айырмашылығы ауыл тұрғындарының оқу үшін өз отбасыларын тастап, Өскеменнен ешқайда кетпейтіндігінде: оларды өздерінің туған ауылдарында немесе аудан орталығында оқытады.

Лариса Гречушникованың ақпараттарына сүйенсек, жобаны жүзеге асыру кезінде ауданда 33 әйел оқытылған. Қазір 17 жұмыссыз оқуға жіберілген, олардың 7-уі «тігін — ұлттық киім тігу» мамандығы бойынша оқытылуда.

«Біз жұмыссыз оралман әйелдерді де шетте қалдырмаймыз»,- деді Лариса Гречушникова. «Олар мамандықты жергілікті бюджет есебінен алады, сонымен қатар оларға ішіп-жемге кеткен шығындары да төленеді»,- деп түсіндірді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті