Атырау облысында тамақтан уланған түрік фирмасының 432 жұмысшысы ауруханадан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында тамақтан уланған  түрік фирмасының 432 жұмысшысы ауруханадан   шықты

Атырау облысында тамақтан уланған түрік фирмасының 432 жұмысшысы ауруханадан шықты

АСТАНА. 9сәуір . Kazakhstan Today. Атырау облысында тамақтан уланған "Гате-Иншаат" АҚ түрік фирмасының 432 жұмысшысы ауруханадан шықты; тағы 65 адам емделуде. Бұл жөнінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 566
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, 28 наурызда Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен «Гате Иншаат» АҚ түрік фирмасының жұмысшылары түсе бастаған. Зардап шеккендердің бәрі сол күні зауыт асханасынан тамақтанған. Министрлік ақпараты бойынша, жаппай улануға құс еті себеп болған. Сонымен қатар, бактериологиялық зерттеулердің алдын ала нәтижесі көрсеткендей, 102 науқастан сальмонеллез ауруы анықталған, деп хабарлайды министрлік.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылдың 7 сәуір , сағат 18 жағдай бойынша 432 адам ауруханадан шыққан. 65 адам емделуде, оның 18- жұқпалы аурулар ауруханасында, 47 науқас Қарабатан ауылындағы уақытша ауруханада жатыр. «Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті