«Исламның атын жамылған кейбір экстремистік күштер болып жатқан ахуалды өздерінің саяси мақсаттарына пайдалануға дайын»,- деп атап өтті Қ. Маликов. «Діни әлеуетті Хизб-ут-Тахрир сияқты қиратқыш ағымдар пайдалануы мүмкін»,- деп атап көрсетті ол.
Сарапшының мәлімдеуінше, Қырғызстандағы бүгінгі қоғамдық-саяси жағдай ислам үшін қауіп төндіреді. «Исламның өзі үшін, оның беделі түсіру және барлық діндар мұсылмандар үшін қауіпті»,- деп санайды Қ Маликов. Осыған байланысты теолог діндарларды оппозициялардың іс-шараларына қатыспауға шақырды.
«Өзінің бірінші азаматтық парызын наразылық шараларына қатысу деп санайтындар мұсылманның атынан қатысуға, сондай-ақ кез-келген ислам ұрандарын пайдалануға құқығы жоқ»,- деп атап көрсетті.
Қ. Маликов сондай-ақ текетіреске қатысушы жақтарды діндарлардың сана-сезімін пайдаланбауға шақырды. «Қауіпті діни ресурстармен биліктің де, оппозицияның да ойнап қажеті жоқ»,- деп ескертті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті