Атап айтқанда, премьер- министр Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяковты, тәжікстандық әріптесі Акил Акиловты, Өзбекстан үкімет басшысы Рустам Азимовты және Қырғызтанның үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевты қабылдады.
А. Кобяковпен кездесуде «екі жақты ынтымақтастықтың дамуы, нақтырақ айтқанда, экономикалық кеңістік аясында Кедендік Одақ құру мәселесі талқыланды».
ҚР СІМ мәліметінше, бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы $350млн құрайды. «Біздің елдер арасындағы интеграциалық ынтымақтастықтың потенциалы әлдеқайда ауқымды , тауар айналымыда одан да көп болуы ықтимал»,-деп атап өтті А. Кобяков.
Хабарламада көрсетілгендей, «Беларусь елі Қазақстанмен тұрғын үй құрылысы мен ауыл аймағы құрылысы саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр». Атап айтқанда , А.Кобяков былай деді: «біз орман материалдарын, металл конструкцияларын, лифт жабдықтарын және басқада материалдарды ұсына аламыз. Біздің жобалау базамыз мықты».
Тәжікстан премьер-министрі А. Акиловпен кездесуі барысында Қазақстан үкіметінің басшысы екі жақты қарым-қатынастың дамуының қарқындылығын атап өтті, ол «экономикалық қарым — қатынастың дамуына бірлескен құрылыс компанияларының құрылуы қосымша серпін беретінін» айтты.
ҚР премьер-министрінің айтуынша, «Қазақстанның құрылыс саласында тәжірибесі мол. Осыған байланысты, қазақстандық компаниялар Тәжікстанның ірі қалаларындағы шағын ықшам аудан құрылысына қатыса алады».
Өзбекстан премьер министрінің орынбасары Р. Азимовпен Кәрім Мәсімов екі жақты ынтымақтастықтың болашағын, атап айтқанда, сауда саласындағы ынтымақтастықты талқылады, ҚР СІМ ақпараты бойынша, 2006 жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі $703 млн артқан. «Соңғы жылдары екі жақты тауар айналымы көлемінің өсуі оптимизмге жетелейді, бірақ біз көлемді әлі де ұлғайта аламыз, ол үшін барлық мүмкіндік бар»,-деп мәлімдеді Р.Азимов.
К. Мәсімов өз тарапынан , «Қазақстан Өзбекстанмен сындарлы саяси диалогты жалғастыруға, екі ел арасындағы экономикалық, мәдени- қайырымдылық ынтымақтастықты ынталандыруға бекінді», деді.
Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен кездесуінде К.Мәсімов оны үкімет басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. «Сізді Астанада көргеніме қуаныштымын. Осы жағдайды пайдалана отырып, мен сізді премьер-министр қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіз жұмысыңызды туыстас Қазақстанға келуіңізбен бастағаныңыз бізге жағымды»,-деді К.Мәсімов.
А. Атамбаев Қазақстанның үкімет басшысына ризашылығын білдіріп, былай деді: «біздің алдағы қарым-қатынасымыз сындарлы болады деген сенім білдіремін».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті