«Біз өзіміздің жақын елдерге қарызымыз жөніндегі мәселелерді жақын арада шешуіміз қажет, бұл ең алдымын Түркіменстанның көгілдір отыны мен электр қуаты бойынша қарыздарға қатысты болып отыр»,- деді Б. Ізмұхамбетов.
Министр, бүгінде қазақстан жағының Түркіменстанға 32 млн АҚШ доллары көлеміндегі берешегін еске сала кетті. «Оның шамамен 18,5 млн АҚШ доллары — бұл «Қазақстанэнерго» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қарызы, ал қалғандары — шарушалық субъектілерінің қарызы»,- деп нақтылап өтті ол.
«Қалай болғанда да, біз бұл мәселені шешуге тиіспіз, тіптен президент бұл мәселені жақын арада үкімет деңгейінде шешуге тапсырма берген»,- деп атап көрсетті энергетика және минералды ресурстар министрі. «Бұл мәселеге қатысы барларға министрліктің энергетикалық қызметтеріне көмектесіңіздер деген өтінішім бар»,- деді ол алқа отырысына қатысушыларға қаратып сөйлеген сөзінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті