«Салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін — мекен-жайы, жеке тұлғаның, құрылтайшылардың, басқарушылардың туған ай-күні және басқа да деректемелерді салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынамыз»,- деді Н. Рахметов. «Мынадай бір сәйкессіздік бар: біз қаржы полициясына Қосалқы құн салығы бойынша бақылау-тексеру нәтижелері жөніндегі материалдарды береміз. Ал қаржы полициясы бізден барлық мәліметтерді сұрағанда, біз олардың салық құпиясы екендігін айтамыз»,- деп түсіндірді ол.
«Салық құпиялары жөніндегі нормалар салық органдарының басқа да мемлекеттік органдарға салық төлеушілер туралы қажетті мәліметтер беруге мүмкіндік бермейді»,- деп атап өтті Н. Рахметов. «Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер аясын кеңейту туралы мәселені қарастыру қажет деп санаймыз»,- деп мәлім етті Қаржы министрлігінің салық комитетінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті