Павлодарлық кеденшілер Ресейге 16 кг марихуананы алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық кеденшілер Ресейге 16 кг марихуананы алып өтуге жасалған әрекеттің  жолын кесті

Павлодарлық кеденшілер Ресейге 16 кг марихуананы алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

ПАВЛОДАР. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Павлодар облысының "Өрлітөбе" кеден бекетінде Ресейге 16 кг марихуананы алып өтуге жасалған әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, тыйым салынған жүк бүгін Ресейдің Омбы қаласына бет алған «Форд-Гранада» маркалы көлікті тексеру кезінде табылған. «Есірткіні 23 пластикалық бөтелкеге бөліп салып, көліктің жанармай құйғышына жасырған»,- деп хабарлады департамент.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, ерекше иісті ең алдымен иісшіл ит сезген. Одан кейін құпия жерді іздеуге кеден бақылауының арнайы құралдары — эндоскоп пен «Rapiscan» аппараты қолданылған.

Көлік жүргізушісі — Қазақстан азаматы — ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кеден органдарының қызметкерлері Қазақстан мен Ресей шекарасының павлодарлық учаскесінде жыл басынан бері барлығы 22 кг астам есірткі тәркілеген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-тармағы бойынша (Есірткі заттарының контрабандасы) 11 қылмыстық іс қозғалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті