Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан декларацияда көрсетілмеген валютаны тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан декларацияда көрсетілмеген валютаны тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан декларацияда көрсетілмеген валютаны тәркіледі

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан аса ірі көлемде декларацияда көрсетілмеген валюта тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 18 Мамыр 2007
  • 619
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавл шекара отрядының «Қосақ авто» бақылау бөлімінде көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Ресейге «Вольво» автокөлігімен бет алған екі РФ азаматы ұсталды. «Шекарашылар ұсталғандардан тексеруден жасырылған контрабандалық 28 мың АҚШ долларын тәркіледі»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті