Конституцияға бірінші президент мемлекет басшысы қызметіне шектеусіз мәрте ат ұсына алады деген түзету енгізілді (нақтыланған) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституцияға бірінші президент мемлекет басшысы қызметіне  шектеусіз мәрте ат ұсына алады деген түзету енгізілді (нақтыланған)

Конституцияға бірінші президент мемлекет басшысы қызметіне шектеусіз мәрте ат ұсына алады деген түзету енгізілді (нақтыланған)

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Парламент бүгін өткен бірлескен отырыста Конституцияға еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметіне шектеусіз мәрте ат ұсына алады деген түзету енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Ата заңының 42-бабының 4-тармағындағы «бір ғана адам Қазақстан Республикасының президенті болып екі мәрте қатарынан сайлана алмайды» деген тұсының құзыры бірінші президентке қатысты жүрмейді деген ұсыныс енгізді.

«Комиссия бірінші президентке екі мәрте қызмет атқаруға өкілеттілік берумен шектеуге болмайды деген ұсынысты қолдады»,- деп мәлімдеді қос палатаның бірлескен отырысында екі палатаның біріккен комиссиясының жетекшісі, сенат депутаты Ермек Жұмабаев.

Бұл ұсынысты парламенттің қос палатасы депутаттарының басым бөлігі қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті