кеңес дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
«Кеңестің осы жолы Асатанада өткен отырысында Финляндия Республикасы кеңеске қауымдасқан мүше ретінде қабылданды»,- деп хабарлады П.Кучеренко. Оның айтуынша, Финляндия 2004-жылдан бері бақылаушы болған. «Елдің ұйымдағы мәртебесі өзгерді, бірақ, олар кеңесте құжатқа қол қою құқығына ие болу үшін, қабылдаудан кейін сақталуға тиіс белгілі бір процедуралар бар»,- деді П.Кучеренко.
«Кеңеске барлық ТМД елдерінің темір жол әкімшіліктері мүше. Ал ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын елдердің әкімшіліктері кезіндегі Болгария секілді қауымдасқан мүше ретінде қабылдана алады»,- деді П.Кучеренко. Оның айтуынша, Финляндияның қауымдасқан мүше мәртебесін рәсімдеу процедурасы таяу уақыттарда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті