Қызылордада жабық базарда өрт шықты, зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жабық базарда өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

Қызылордада жабық базарда өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылордада "Жайна" атты жабық базарда өрт шықты, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2007
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21-мамырда 00 сағат 30 минутта «Жайна» атты жабық базарының екінші қабатында орналасқан азық-түлік бөлімі жанып кетті. Өрт аумағы 480 шаршы метрді құрады. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 35 адам және 8 техниканың күшімен 02 сағат 15 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті