Ақтөбе облыстық ІІД-не жаңа бастық тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық ІІД-не жаңа бастық тағайындалды

Ақтөбе облыстық ІІД-не жаңа бастық тағайындалды

АҚТӨБЕ. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық ІІД-ін жергілікті қаржы полициясы жетекшісінің бұрынғы орынбасары, полковник Патрис Нокин басқаратын болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Мамыр 2007
  • 575
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа басшыны сенбі күні республика Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Қожамұрат Өскенбаев жеке құрамға таныстырды. «Сіздерге қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін сақтау секілді күрделі міндет жүктеліп отыр»,- деді вице-минисртр. Сонымен бірге тағайындау рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов, облыс прокуроры Дастан Сартаев пен облыстық соттың төрағасы Мұхтар Есжанов қатысты.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сәйкес, Патрис Нокин 1978-жылы КСРО ІІМ-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітірген. Бұдан кейінгі жылдары ІІБ-ның социалистік мүлікті жымқырумен күрес бөлімінің (бұрынғы ОБХСС) инспекторы болды, Ақтөбе облыстық ІІБ-да түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. 2004-жылдың шілдесі мен 2007-жылдың мамыр айлары арылығында Ақтөбе облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті төрағасының орынбасары лауазымын иемденді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті