Қызылордада тұтқындар өз-өзіне қол жұмсады; түрме басшылығы жауапкершілікке тартылды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада тұтқындар өз-өзіне қол жұмсады; түрме басшылығы жауапкершілікке тартылды - прокуратура

Қызылордада тұтқындар өз-өзіне қол жұмсады; түрме басшылығы жауапкершілікке тартылды - прокуратура

ҚЫЗЫЛОРДА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылордада тұтқындар өз-өзіне қол жұмсады; түрме басшылығы жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қызылорда облыстық прокуратурасынан хабарлады.

  • 21 Мамыр 2007
  • 564
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «бірқатар лауазым иелері сотталғандардың 24-сәуірде жаппай өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болғанын толық растады». «Науқастарды тіркеу журналдары мен медициналық карталарды мұқият зерттеу нәтижесінде тексеру барысында 2007-жылдың 25-сәуірінде ЗК-169/5 мекемесінің медициналық-санитарлық бөліміне сотталған 11 адамның көмекке жүгінгені белгілі болды»,- деп хабарлайды прокуратура. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, түрме әкімшілігі мен медициналық-санитарлық бөлім қызметкерлері сотталғандардың жаппай өз-өзіне қол жұмсау дерегін жасыру үшін журналдар мен медициналық карталардың беттерін жұлып алған немесе жапсырып қойған.

Прокуратура түрменің лауазым иелерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің (қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) жөніндегі 307-ші және (қызметтік жалғандық) жөніндегі 314-ші баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық ІІД-іне оқиғаны тексеруге тапсырма берілді.

ЗК-169/5 мекемесінің басшылығы ҚР Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұйрығымен қызметтен шеттетілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті