«Мемлекеттік қызметті реформалау аясында, сондай-ақ саяси және әкімшілік функцияларды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа әкімшілік қызмет — Жауапты хатшы лауазымы енгізіледі. Жауапты хатшының статусы мен өкілеттігі осы аптада сіздерге ұсынылатын «Үкімет туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасында айқындалатын болады»,- деді үкімет басшысы.
Үкімет басшысының айтуынша, «бұл әр салада стратегиялық мәселелерде шешім қабылдауда мемлекеттік органдардың саяси басшылық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Жауапты хатшы саяси басшылық шешімін қабылдауды, сондай-ақ ұйымдастырушы-басқарушылық және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді жүзеге асырады».
Жауапты хатшы жоғары әкімшілік қызметіндегі лауазым иесі ретінде бірінші басшы ауысқан жағдайда мемлекеттік органдар аппаратының тұрақтылығын және сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Үкімет тарапынан мемлекеттік қызметке функциялық талдау жасау жөнінде тұрақты жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік міндетке жатпайтын функция бәсекелестік ортаға беріледі, деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті