Шымкенттің 167/3 колониясында жаппай өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болды - сотталғандардың туыстары - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің 167/3 колониясында жаппай өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болды - сотталғандардың туыстары

Шымкенттің 167/3 колониясында жаппай өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болды - сотталғандардың туыстары

ШЫМКЕНТ. 21 - мамыр. Kazakhstan Today. Шымкенттің 167/3 колониясының маңында сотталғандардың туыстары жиналған: олардың айтуынша, сотталғандар жаппай өз-өзіне қол жұмсауға барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 21 Мамыр 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Күш құрылымдарындағы аты-жөні жасырын ақпарат көзі, колонияда шынымен де жанжалдың болғандығын растады, бірақ нақты мәліметтер айтпай отыр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта түрме ғимаратының маңында сотталғандардың отызға жуық туысқандары жиналған. «Жиналғандардың басым көпшілігі күрд ұлтының әйелдері»,- деп қосты ол.

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасының басшыларынан қандай да бір түсініктеме алу мүмкін болмады, себебі кезекшінің айтуынша, басқармада басшы құрамнан ешкім жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті