«Менің орынбасарымның басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Ол қазір оқиға болған жерде жүр»,- деп хабарлады М. Ахметжанов.
Прокурордың ақпараттарына сүйенсек, 167/3 колониясында жазасын өтеп жатқан 70-ке жуық сотталғандар жаппай өз-өзіне қол жұмсап — өздерінің іштерін тілген. «Үшеуі ауруханаға жеткізілген»,- деп қосты ол.
Прокурор сондай-ақ, колония әкімшілігінің сөздеріне сүйене отырып, арнаулы мекемеде жоспарлы тексеру жүргізілгендігін және де сотталғандардан рұқсат етілмеген заттар тәркіленгендігін хабарлады. Бұл колония қызметкерлерінің айтуынша сотталғандар тарапынан тәртіпсіздіктердің туындауына түрткі болған. «Сотталғандардың бағынбаушылық деректері де болған»,- деді М. Ахметжанов.
Сонымен қатар, прокурордың айтуынша, сотталғандар «әкімшілік тарапынан жасалатын қаталдықтар туралы» айтуда.
Қазіргі уақытта комиссия екі жақтың да айтқандарын зерделеп жатыр. «Біз барлығын да тексереміз. Біз екі жаққа қатысты да мәселенің басын ашамыз»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті